Рудный қаласында "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығынан" 12 және 13 жастағы екі қыз жоғалып кетті. "ДОС" еріктілер тобының мәліметінше, қыздар қайда бара жатқанын бағдарлай алмауы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
31 қазанда кешке "ДОС" еріктілер тобы жоғалған қыздарды іздестіру туралы хабарлама таратты. 13 жастағы Дарина Вахненко мен 12 жастағы Анита Долганова Рудный қаласындағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығынан" шығып кеткен.
Интернат Парковая көшесі, 41 мекенжайында орналасқан. Қыздар 31 қазанда орталықтан кеткен. Олардың қайда бағыт алғаны белгісіз. Еріктілердің айтуынша, жасөспірімдер жүрген жерін бағдарлай алмауы мүмкін.
Қыздардың қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан 102 нөміріне хабарласу сұралады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз