- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Рудный тұрғыны полицейді...
Рудный тұрғыны полицейді көліктің капотына салып сүйреген
Рудный тұрғыны полицейді көліктің капотына салып сүйреген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
22 желтоқсанда сағат бір шамасында Корчагин көшесінде Toyota жүргізушісі полиция бекетінің маңында болғанына қарамастан, мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанына тоқтаған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Жүргізуші дөрекілік көрсетіп, қызметкердің заңды талаптарын елемей, оқиға орнынан қашуға тырысқан.
"Полиция қызметкері көлік қозғалысына кедергі келтірді, бірақ жүргізуші көлікті жүргізуін тоқтатпаған. Ол полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреп, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жүргізуші анықталды. Қабылданған шаралар барысында Рудный қаласының 35 жастағы тұрғыны ұсталып, жергілікті полиция басқармасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігі бойынша (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік жүктеледі. Полиция департаменті өкілі жағдайды бағалау үшін полиция қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты да қызметтік тергеу тағайындалғанын мәлімдеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова