Рудный қалалық соттында бұрынғы жұбайын азаптап, денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп айыпталған С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылдың қарашасынан 2024 жылдың сәуіріне дейінгі уақыт аралығында С. өзінің бұрынғы жұбайы Б.-ға жүйелі түрде ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы физикалық және психикалық азап келтірген.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 4 сәуірінде ол өзінің бұрынғы жұбайы Б.-ға әдейі зиян келтірді. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жәбірленушінің денсаулығына орташа зиян келтіріліп, оң жақтағы 2,3,4 бел омыртқасының жабық сынуы түріндегі дене жарақаттарын салған.
Прокурор қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде қылмыстар жиынтығы бойынша барынша қауіпсіздік мекемесінде екі жылға бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жазаны тағайындауды сұрады, өйткені С. қылмысы бұрын жасалған ауыр қылмыс үшін өтелмеген соттылық кезінде жасалған.
Сотталушы кінәсін толыққанды мойындаған жоқ.
Жәбірленуші Б. жазаны соттың қарауына қалдырды.
"Өтелмеген соттылығы, жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі бар С.-ның жеке басын, кінәні жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, жәбірленуші Б. - ның өтелмеген залалының болуын ескере отырып, сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады: ҚК-нің 107 бабынын 1 бөлігі - 1 жыл 6 ай; ҚҚ-нің 110 бабынын 1 бөлігі – 2 жылға. ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігі негізінде қатаң жазаны неғұрлым қатаң түрде сіңіру арқылы С. қылмыстық-атқару жүйесінің қаупсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтей отырып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған С.-дан жәбірленуші Б. пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен 3 000 000 теңге өндірілді", - делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!