Танымал әншілер Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлы Зейіннің тұсаукесер тойын дүркіретіп тойлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иелерінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Зейіннің тұсауын актерлер Дулыға Ақмолда мен Азамат Сатыбалды кесті. Роза Рымбаева өнер иелеріне алғыс білдірді.
Бұған дейін Әли Оқапов ұлын туған күнімен құттықтап, жазба жариялаған еді.
"Ботам, алғашқы жеке мерекең құтты болсын", - деп жазған ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!