- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Роза Рымбаева шұжықтан...
"Роза Рымбаева шұжықтан тамақ істеп қоятын". Қалдыбек Құрманәлі қызық естелігін бөлісті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлі шұжық жеп бәстескенін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
"Ол кезде студентпін. ҚазҰУ-де оқимын. Өзі бұрыннан жұмыртқаны жақсы көремін. Сосын шұжық жақсы көремін. Шұжықтың 1 келісі - 1 сом 62 тиын тұрады. Жатақхананың буфетінен бір келі аламын. Әжептеуір ақша ғой. Алдыма кесіп-кесіп тастап, лимонад пен нан аламын. Менен 15 жас үлкен дүкенші ер адам екен. Күнде 1 келі шұжық жеймін ғо". Күнде қарап тұрады екен. Содан бір күні "Інім, күнде таңертең шұжық жейсің. Асқазаның ауырмай ма?" деп сұрады. "Мен ақшам болмай тұр, болса одан көбірек жеймін" дедім. Сол жерде бәстестік деп тұрып алды. 3 келі жеймін дедім, жесең 50 сом беремін деді. 1 келісін жаңа жегенмін. Ол алдыма 4 лимонад пен 2 келі шұжық қойды. Сосын 2 келі шұжықты жеп қойдым. Бір шиша арақ сұрадым. Шұжық майлы ғой, ішімдік оны қорытады. Бәстескен 50 сом ақшаны алдым. Сол күні сабаққа бара алмадым, мас болып қалдым. Бәрі менің шұжықты жақсы көретінімді жақсы біледі. Тіпті Роза Рымбаева бірде мені қонаққа шақырды. Ет асыпты, жедім. Ол "тамағым ұнамай қалды ма?" деп сұрады, мен шұжық жақсы көретінімді айттым, үйінде кішкентай шұжығын алып шықты. Содан кейін үйіне барған сайын шұжықтан 4 тамақ жасап қояды", - деді Қалдыбек Құрманәлі.
Қалдыбек Құрманәлі жұмыртқа жеп бәстескенін есіне алды, кейін асқазаны қорытпай, ауруханаға барған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек