Роза Рымбаева, Adam, HasSak тобы Конституция күніне орай тегін концерт өткізеді

Роза Рымбаева, Adam, HasSak тобы Конституция күніне орай тегін концерт өткізеді
Фото: Алматы қаласының мәдениет басқармасы

Конституция күніне орай Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауқымды концерт өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Конституциясы күніне орай Алматыдағы Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен тегін концерт болады. Сахнада Роза Рымбаева, Беркут және Аиша, ADAM, TURAR, Қуандық Рахым, Ғаділбек Жанай, Диана Исмаил, Төлеген Рахымбаев, JCS тобы, NAZAR тобы, "Алдаспан" тобы, HasSak фольклорлы-этнографиялық тобы және басқа да әртістер өнер көрсетеді.

Концерт 30 тамыз күні сағат 19.00-де басталады. 

Концертке келушілер ашық аспан астында үлкен экраннан Конституцияны қабылдау барысында түсірілген тарихи кадрларды тамашалай алады.

Мерекелік шара аясында "Көктөбе" телемұнарасында жарық жүйесі арқылы шоу ұйымдастырылады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы