• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Роза Әлқожа немересін қырқынан шығарды

Роза Әлқожа немересін қырқынан шығарды
Фото: roza_alqozha

Танымал әнші Роза Әлқожа немересін қырқынан шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 жастағы ұлы Бейбарыс пен келіні Әсем балалы болып, Роза Әлқожа әже атанды.

Немересіне Әбдірахман деп ат қойған әнші оны қырқынан шығарып, сәбидің шашын Салтанат Айбергенова қиды. 

"Бөпемізді кіші қырқынан шығарып, Салтанат апасындай ғалым болсын деп ырымдап, шашын алғыздық. Әбдірахманның әжесінің күндегі әуресі өзіне ұнап жүр. Бесігіміз тербетіле берсін! Келеріміз де, барарымыз да көп болсын!", - деп жазды әнші. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова
Logotype Massaget