Роза Әлқожа алғаш рет немерелі болды

Роза Әлқожа алғаш рет немерелі болды
Фото: instagram.com/roza_alqozha/

Танымал әнші Роза Әлқожа алғаш рет немерелі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Қайырлы күн! Әже боп ояндым, шүкір! 3-перзентхананың барлық қызметкеріне рақмет! Ақ халатты аяулы жандарға алғыс!" - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

"Бауы берік болсын", "Оо Роза ханым, немереңіздің өмір жасы ұзақ болсын!", "Құтты болсын! Сәбидің бауы берік болсын! Бақытты ғұмыр тілеймін! Бізге де жұғысты болсын", "Күшті жаңалық екен, немере құтты болсын", - деп жазды олар. 

Еске салайық, Роза Әлқожаның 22 жастағы ұлы Бейбарыстың үйлену тойы 2023 жылы 15 қарашада Алматыдағы зәулім мейрамханалардың бірінде өткен еді. Қалыңдықтың есімі - Әсем. 

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап, пікір қалдырған. 

"Жақсы болған екен. Ұзағынан сүйіндірсін. Балаларың бақытты болсын, айналайын", "Құтты болсын! Дос-жаранмен шаршауды басып, рахаттанып ішкен шай тәтті болсын!" "Құтты болсын! Адал келін болсын", - деп жазған олар. 

Кейінірек өнер иесі желіде ене болған қандай екенін айтып, жазба жариялады. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә