Роналду футбол тарихында тағы бір рекорд орнатты

Роналду футбол тарихында тағы бір рекорд орнатты
Фото: x.com/AlNassrFC

Португалия ұлттық құрамасы мен "Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді. 

Танымал футболшы кеше "Әл-Ахдудқа" қарсы ойында (3:1) пенальтиден мүлт кетпеді. Нәтижесінде 24 жыл қатарынан гол соғып келе жатқан алғашқы ойыншы атанды. Сондай-ақ мансабында соққан голдар санын 917-ге жеткізді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LiveScore (@livescore)

Айта кетейік, Роналду Сауд Арабиясы командасында екі жылдан бері ойнап келеді. 30 маусым күні келісім уақыты аяқталады. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget