Роналду бір YouTube видеосынан 12 миллион табыс тапты

Роналду бір YouTube видеосынан 12 миллион табыс тапты
Фото: instagram.com/cristiano/

Танымал футболшы Криштиану Роналду YouTube арнасын ашып, 11 сағатқа жетпей бір видеодан 12 миллион табыс тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Португалдық футболшы жақында YouTube арнасын ашты. Жаңа арнада жарияланған видеолар тез танымал болып, әп сәтте 3 миллион адам жазылған болатын. Vesti.kz сайтының мәліметінше, видеохостинг-арналардың авторлары видеоның әрбір мың қаралуы үшін 2 доллардан 12 долларға дейін табыс таба алады.

Роналдудың соңғы видеосы 7,2 миллионнан астам қаралым жинады. Осылайша, ол небәрі 11 сағаттың ішінде жарияланған бір видео үшін шамамен 25 мың доллар (шамамен 12 миллион теңге) табыс тауып үлгерген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева