“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған

“Романтика“. БҚО тұрғыны біреудің банк картасын ұрлап, әйеліне гүл алған
Фото: Polisia.kz

БҚО тұрғыны өзгенің банк картасынан сауда жасап, әйеліне гүл алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер жоғалған банк картасынан 400 мың теңгеден астам сомаға сауда жасаған күдіктінің жеке басын анықтады. Жәбірленуші әйелдің картасын жоғалтып алғаны және бұл туралы білмегені анықталды. Ол картаны ұзақ уақыт пайдаланбағандықтан, банктің қосымшасын қолданып жүрген және жоғалғаннан кейін бір айдан кейін ақшаның жетіспейтіндігін байқады. 

Сонымен қатар 33 жастағы тұрғын Ақсай қаласында картаны тауып, түрлі сауда жасаған, соның ішінде ол азық-түлік, алкоголь сатып алған, тіпті әйеліне гүл шоғын сатып алған. Полиция күдіктіні анықтап, оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полиция азаматтарға мұқият және сақ болуды ескертеді. Банк карталары сияқты жеке заттар жоғалған жағдайда, бұл туралы банкке дереу хабарлап және картаны бұғаттауы қажет, ол бөгде тұлғалардың картаны теріс мүдде үшін пайдалануына жол бермеу үшін қажет.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина