Роман Скляр премьер-министр міндеттерін уақытша атқарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің қаулысында айтылған.
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін", - делінген қаулыда.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметін Әлихан Смайылов басқарған болатын.
Еске салайық, бүгін Қазақстан үкіметі отставкаға кетті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!