"Рөлді басқара алмай, аударылып кеткен". Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

"Рөлді басқара алмай, аударылып кеткен". Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Жетісу облысында жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Салдарынан бір адам қайтыс болды. Оқиға Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек-Көктал автожолының 93 шақырымында болды.

Toyota Camry тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. 

Фото:Polisia.kz

Оқиға орнында 35 жастағы әйел жолаушы қаза тапты. Тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Бұл дерек бойынша қажетті сараптамаларды тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!