Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында "Ролан Гаррос" турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол ресейлік теннисші Тимофей Дерепаскомен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, франциялық және румыниялық Томас Форел пен Лука Предамен кездесті.
Алғашқы сетте қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен жеңіске жетсе, екіншісінде қарсыластары есе қайтарды - 6:4. Ал супер тай-брейкте Әмір мен Тимофей жеңісті жұлып алды - 12:10.
Әмір Омарханов - Тимофей Дерепаско жартылай финалда аустриялық-норвегиялық теннисшілер Жоэль Шверцлер мен Николай Будковпен шеберлік байқасады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!