Әмір Омарханов жұптық сында жасөспірімдер арасында "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық жас теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге екінші айналымда жарыстың 5-ракеткалары, франциялық Чарли Камю – аустралиялық Хайден Джонспен сынға түсті.
Тартысқа толы бірінші партия тай-брейкке дейін созылып, қазақстандық-ресейлік жұп шешуші сәтте жеңіске жетті – 7:6 (7:4). Екінші сетте Омарханов – Дерепаско үш брейк жасап, матчты жеңіспен тәмамдады – 6:2.
Әмір мен – Тимофейдің ширек финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!