Рөлі оң жақтағы көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады

Рөлі оң жақтағы көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда техникалық байқау орталықтары мен жолаушылар тасымалына қойылатын талаптар күшейтілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Техникалық байқау орталықтарының жауапкершілігі күшейтілді. Енді олар жұмыс бастауы үшін арнайы рұқсат алуы керек. Айыппұл 30-дан 100 АЕК-ке дейін өскен. Техникалық байқауды тек қағаз жүзінде жасағандардың жұмысы 3 жылға дейін тоқтатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, министр жолаушылар тасымалы тәртіпке келтіріліп жатқанын, Ішкі істер министрлігімен, Яндекс, inDrive-пен бірігіп, рөлі оң жақтағы 70 мыңға жуық көлік тасымалдау процесінен шығарылғанын айтты.

"Қауіпсіздікті одан әрі күшейту үшін рөлі оң жақтан солға ауыстырылған көліктерді такси ретінде қолдануға тыйым салу, тасымалға жауапты агрегаторлардың жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр", - деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget