Танымал әнші Ерке Есмахан қалай босанғанын сұраған оқырмандарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл этикаға жатпайтындықтан, бөлісуді құп көрмеген.
"Родзалға 5 мобилограф жалдап, бәрін түсіріп, рилс салып, одан қалды босанғандағы сезімімді пост етіп жазып отыруға болар еді. Бірақ қуанышқа толы сәт болғанымен, этикаға жата бермейтін, құпия сақталуға тиіс дүниелер бар мен үшін. Сондықтан жүрек жарды сыр ашу менен күтпеңіздер. Ең дұрысы сол босануды менен сұрағанша сезіну бастарыңызға бұйырсын. Жұғысты болсын", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Raim мен Ерке Есмахан ата-ана атанып, ұлдарына Ислам деген есім қойғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!