Танымал әнші Алтынай Жорабаева жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Роддомға әлі дайын емеспін. Ырсылдап сол. Дайындалу туралы ойласам, миым ашып кетеді. Қаншама затты дайындау үшін миды қосу керек. Оған миым "қоя тұр" деп", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.
Еске салайық, әнші қыркүйекте жүкті екенін жариялаған еді.
"Алишер екеумізге Алла тағалам сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр екен. Алишердің төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды қуанғаннан. Негізі 3 жылдай қатты үміттенген едік... Содан былтырдан бері үмітімізді үзген еді. Себебі жас та келіп қалды дегендей... Мені қоя берші, Алишерді қатты уайымдадым, Алла бір бала берсе екен деп. Сонда Алишер: "Жаным-ау , уайымдама , бәрі Алланың қалауымен болады. Мен ертең Алланың алдына барғанда, "неге балаң болмады" деп сұралмаймын. Қыздарға қандай әке болғаным үшін, саған қандай жар болғаным үшін сұраламын" деген соң мен де кішкене уайымым басылды. ...Пендешілікпен ұл болса деп қоямын, ал Алишер "ұл бола ма, қыз бола ма сендей жаннан перзент сүйсем бақыттымын" дейді", - деп жазды өнер иесі сол кезде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!