Ризабек Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров Қызылорда облысының прокуроры лауазымына тағайындалды", - делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген.
1996-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарған.
2017-2019 жылдары Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары лауазымдарында болған.
2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметін басқарған.
"Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен наградталған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!