Ризабек Айтмұхан күрестен әлем чемпионатының финалына шықты

Ризабек Айтмұхан күрестен әлем чемпионатының финалына шықты
Фото: olympic.kz

Испанияның Понтеведра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұхан финалға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жартылай финалдық белдесуде Ризабек америкалық қарсыласын 9:1 есебімен жеңді. 

Турнир барысында ол Грекия және Иран балуандарын ірі есеппен ұтқан еді.

Финалда Ризабек Айтмұхан әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдеседі.

Алтын медаль үшін өтетін кездесу ертеңге жоспарланған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан