Парламент мәжлісінің депутаты, ақын Ринат Заитов өзінің депутаттық жолындағы нақты мақсатын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы депутат Abay live ютуб жобасына берген сұхбатта айтты.
Ринат Заитов қазақ тілінің мәртебесі өсетінін және осы үшін жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
"Ұлтқа қызмет етсе әлдікімдер біздің қазір мемлекеттік тіліміз қазақ тілінде болып 30 жылдың ішінде қазақша сөйлеп жүретін едік. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалады жалғыз өзі. Үш-ақ, жылда. Бір заңды жұмысты айтып жіберсе болды. Біз соны қалыптастыруға жұмыс істеудеміз. Оның жарты жолына келіп қалдық, - дейді ол.
Депутат бұл іске білек сыбана кіріскенін жеткізді.
"Қазбек Иса ағамыз бастаған бір топ депутаттар. Бұрын Қазбек ағам жалғыз еді. Қазір парламенттің жартысы. Біз осы сұрақтарды Алтай Көлгіновпен қарастырып талқылағанбыз. Өткенде Тамара Қасымқызы оның орнына тағайындалғанда осы мәселені Қазбек аға айтты. Біз осындай дайындадық, заңнама ережелерін сіз осыны қаперіңізде ұстаңыз деп. Ол кісі міндетті түрде деді демек біз ол жиналысты асықтырамыз. 2-3 жылда орыс тілі ресми статустан түсіп, қаза тілінің мәртебесін көтеріп істеуге болады",- дейді Ринат Заитов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!