Ринат Мұхаметқали Президент әкімшілігінде бөлім меңгерушісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ринат Мұхаметқали туралы не белгілі?
Ринат Мұхаметқали 1981 жылы дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2002-2004 жылдары жеке және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеген.
2004-2009 жылдары Әділет министрлігінің заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.
2009-2010 жылдары Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары болған.
2010-2021 жылдары Президенті әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде инспектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
2021-2022 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы болған.
2022-2023 жылдары Президент әкімшілігі басшысының хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.
2023 жылғы қаңтардан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
2025 жылы Мәдениет және ақпарат министрілігі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова