Рим Папасы Нұр-Сұлтан әуежайынан Ақордаға дейін келген қарапайым көлік елорда тұрғындарын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengri Lifestyle.
Рим Папасы Франциск ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайына сағат 17:18-де қонған, оны Мемлекет басшысы қарсы алған. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды қарсы алып, Қазақстанға келуге шешім қабылдағаны үшін шын жүректен алғыс білдірген. Олар кездесу соңында Ақорда сарайына бет алған.
Кейін әлеуметтік желілерде Рим Папасының кортежі түсірілген видео жариялана бастады. Қала тұрғындары оның қарапайым көлік мінгеніне таңғалды. Оның таңдауы Fiat 500L болған.
"Бәлкім, қарапайым емес шығар", "Қарапайымдылық адамға сән береді", - деп жазды қазақстандықтар.
Кейін Ақорданың баспасөз қызметі Рим Папасы келген видеоны жариялады. Онда ол ақ түсті кішкентай көліктің алдыңғы орындығына отырғаны көрінеді.
Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, Рим Папасы Франциск бұрыннан қарапайым көлік таңдауымен танымал болған.
Ол көбіне италиялық Fiat көлігін мінеді, ал Италияда ол Ford Focus-пен жүреді. Аргентинада ол ескі Renault 4-пен жүрген, Ватиканға көшкен кезде досынан сыйлық ретінде сондай көлік алған.
Американың Католик университетінің католиктік зерттеулер институтының директоры, сарапшы Стивен Шнек Рим Папасының көлік таңдау тәсілін айтып, понтифик бір кездері иезуит діни қызметкері болған кезде кедейлік туралы ант бергенін атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!