- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Рим папасы Қазақстанға...
Рим папасы Қазақстанға келді
Рим Папасы Франциск Нұр-Сұлтанға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында өзі қарсы алды.
Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды. Кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.
Құрмет қарауылының басшысы елдер көшбасшыларына рапорт берді, сондай-ақ, Қазақстан мен Ватиканның әнұрандары шырқалды. Кейін Президент пен Рим Папасы келіссөз жүргізу үшін "Шығыс" залына өтті.
Бұған дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келе жатқан Рим Папасы Францисктің әуе борты елорда әуежайына қонғаны, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алғаны хабарланған болатын.
Бүгін таңертең Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орай Рим Папасы Францисктің Қазақстанға 38-халықаралық апостолдық сапары басталды.
Рим папасы бүгін көлікпен Рим-Фиумицино халықаралық әуежайына барып, ол жерден Нұр-Сұлтанға A330/ITA Airways ұшағымен Қазақстанға ұшқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина