- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Риддердегі ЖЭО-да тағы...
Риддердегі ЖЭО-да тағы да апат: келесі қай қала болуы мүмкін?
Екібастұз жылу желілерінде шыққан ақауды реттеген бойда Риддерде де мәселелер туындады. 19 қаңтарда Риддер ЖЭО-да өрт шықты. Тұрғындарға жылу желісіндегі температура төмендеуі мүмкін екені ескертілді, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Бұл - кейінгі үш айдағы жылу станциясындағы үшінші төтенше жағдай. Былтыр қараша мен желтоқсандағы ақаудың себептері сорғыдағы су тасқыны және электрмен жабдықтау проблемалары болса, енді қаланың басты ЖЭО-да жанармай беретін цех өртенді. Бір жылыту маусымында үш түрлі жағдай.
ШҚО әкімдігі ақпараттық орталығының деректері бойынша Риддер ЖЭО-да жабдықтың тозу дәрежесі 74,5 пайыз болған. Қазақстанда жылу және электр энергетикасы саласындағы негізгі құралдардың амортизациясының жалпы көрсеткіші 71,8 пайыздан сәл аз.
Ұлттық статистика бюросының 2017-2021 жылдардағы деректеріне сәйкес, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласындағы негізгі құралдар 2019 жылы қатты тозған (35,3 пайыздан 75,5 пайызға дейін) және одан кейін де 71-73 пайыз шегінде қалған. Бұл күрт өзгеріс елде "Инвестицияға айырбастау тарифі" бағдарламасынан кейін үш жылдық кезең аяқталуына байланысты болған деп түсіндіріледі. Кәсіпорындар инвестиция бағдарламаларын қысқартқан. Дәл осы 2018-2019 жылдары мемлекеттік органдар коммуналды қызметтерге тарифтерді бірқалыпты ұстады, бұл техникалық жаңарту процестерін айтарлықтай тежеген.
Статистика мәліметтерінше, құрылымдар мен машиналар, сондай-ақ, жабдықтар жаңартуды қажет етеді. Олардың тозу деңгейі өте жоғары: 78 пайыз және 62,2 пайыз. Ғимараттарды жөндеу бірінші кезектегі міндет емес. Өнеркәсіптік нысандардың амортизациясы 35,4 пайыз болады.
Өңірлер бойынша жағдай бірдей емес. Энергетика саласындағы жабдықтар мен желілер қатты тозған аумақтар бар. Оларға Астана (92 пайыз) және Ақтөбе облысы (84,5 пайыз) жатады.
Қостанай облысында тозу деңгейі 50 пайыздан жоғары, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ, Алматыда 30 пайыздан жоғары.
Статистика электрмен және жылумен жабдықтау саласындағы инвестиция кейінгі үш жылда қысқарғанын көрсетеді. 2020 жылы секторда жұмыс істейтін компаниялар техникалық жаңартуға инвестиция көлемін бірден 20,5 пайызға, 2021 жылы 4,9 пайызға, былтыр 3,1 пайызға қысқартты.
Бұл ретте инвестициялардың жартысына жуығы - мемлекет ақшасы. 2022 жылы саланы жаңартуға бюджеттен бөлінген қаражат 41,4 пайыз немесе 313,9 миллиард теңге болды.
Энергетика сияқты капиталды қажет ететін сала үшін тіпті жүздеген миллиардтаған теңге - қажет қаржының аз ғана бөлігі. Мұны негізгі құралдардың жаңару коэффициенттері арқылы анықтауға болады. 2019-2021 жылдары көрсеткіш 3,8-6,2 пайыз шегінде болды. Бес жылдағы жоғары көрсеткіш 2018 жылы тіркелді, ол кезде көрсеткіш 7 пайыз болды. Сектордағы жабдықтар мен желілердің тозу деңгейін қарағанда бірнеше есе көп инвестиция қажет.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, Риддер ЖЭО мәселесінде нысанды мемлекеттік меншікке беру туралы мәселе шешіліп жатыр.
Айта кетейік, 19 қаңтарда Риддердегі ЖЭО-да өрт шықты.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындықты күшейту керегін айтып, Рудныйда құбыр жарылуына байланысты арнайы барғаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова