Риддердегі жеке демалыс базасында өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері демалыс базасындағы өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Риддер қаласының маңындағы жеке демалыс базасының аумағында 70 шаршы метр алаңда моншаның ағаш конструкциялары өртенді.  

Өрт сөндірушілер өртті жойып, жалынның басқа ғимараттарға таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!