Риддерде вейпті заңсыз тасымалдаған тұрғын жазаланды

Риддер қалалық сотында ҚК-тің 301-1 бабының 1-бөлігі бойынша (шылым шегуге болмайтын темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелер, (вейптар), хош иістер мен оларға арналған сұйықтықтарды сату және тарату) А-ға қатысты қылмыстық іс бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сотта сотталушы А. азамат Х-ға "С7000PUFF" маркалы электронды тұтыну жүйесінің (вейп) бір данасын сатқаны анықталды. Тінту кезінде сотталушы А-дан 77 электронды тұтыну жүйесі (вейп) табылып, тәркіленген.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 629-1 бабына сәйкес қылмыстық теріс қылық фактісі анықталса, кінәлі қылмыстық құқықбұзушылықтағы өз кінәсінің қолда бар дәлелдемелерін дау айтпаса, сот істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарай алады.

Сотталушы А. қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді зерттемей және оның қатысуынсыз істі бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен қарауға өтінішін мәлімдеді.
Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларға, сотталушының шын ниетпен өкінуі мен кінәсінің мойындауын ескерді. Жазаны ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.

Сот А-ны ҚК-нің 301-1 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 73 840 теңге айыппұл салынды.

Заттай дәлелдемелер: 77 дана электронды тұтыну жүйелерін (вейптер) сот үкімімен жоюға қаулы етті.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!