Риддерде полицей мотоцикл жүргізушісін қағып кеткен (видео)

Риддерде полицей қызметтік көлікпен мотоцикл жүргізушісін қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде оқиға орнынан видео тарады.

Шығыс Қазақстан облысы полициясының мәліметінше, оқиға 16 тамызда болған.

Учаскелік инспектор қызметтік көлікпен келе жатып, жол ережесін бұзған мотоцикл жүргізушілерін тоқтатуға тырысқан. Алайда олардың бірімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Мотоцикл жүргізушілері құжатсыз көлік тізгіндегені және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылған.

Полицейдің өзі де жол ережесін бұзғаны үшін жауап берген. Полицейдің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз