Риддерде пәтер өртеніп, 47 жастағы ер адам қаза тапты

Риддерде пәтер өртеніп, 47 жастағы ер адам қаза тапты
Фото: Видео кадры

Риддерде пәтер өртеніп, 47 жастағы ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Риддерде көпқабатты үйлердің бірінде өрт болып, бір адам ажал құшты. Құтқарушылар өртті сөндірген кезде 47 жастағы азаматтың мәйітін тапқан.

Баспананың жоғарғы қабатынан тұтанған жалын лезде күш алған. Сол сәтте пәтердегі 76 жастағы зейнеткер мен оның баласы болған. Кейін жедел жеткен өртсөндірушілер қарияны ажалдан арашалап үлгерген. Ал төрт қабатты үйдің өзге тұрғындары сыртқа өздері шыққан.

Қазір зейнеткер дәрігерлердің бақылауында. Ал пәтер ішінен табылған ұлының денесі сот сараптамасына жіберілді. Өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget