- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Риддерде мас әйел...
Риддерде мас әйел екі жасар ұлын үшінші қабаттан құлатып алды
Фото:
pixabay.com
Риддерде әйел үшінші қабаттағы балконнан төменге түсуге тырысқанда екі жасар ұлын құлатып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 27 қаңтарда болған.
"Қала тұрғыны мас күйінде құлыптаулы тұрған пәтерден балкон арқылы шығуға тырысып, ұлын қолына ұстаған. Бала үшінші қабаттан құлап түсті", - деп хабарлады ресми ақпарат көзі Noks.kz порталына.
Бала ауыр жарақаттың кесірінен аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан