Риддер қаласында бес айлық бала саусағына қыстырылған ойыншықты ала алмай, ата-анасы құтқарушылардың көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Риддер қаласында сәбиге көмек көрсетуге барған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар авариялық-құтқару құралының көмегімен ойыншықты шешіп, баланың саусағын босатты.
Кішкентай бала медициналық көмекке мұқтаж емес, жағдайы жақсы.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!