Риддерде 2 балл жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 10 ақпан сағат 14:24-те жер сілкінісін тіркелді.
Эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде) орналасқан.
Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Риддер қаласында 2 балл. Жағдай тұрақты.
Зардап шеккендер мен қираулао туралы ақпарат келіп түскен жоқ.
ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр.
ТЖМ азаматтарға сабырлы болып, дүрбелеңге түспеуді сұрайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!