Риддерде былтыр қарашада із-түзсіз кеткен жігіт әлі табылмаған

Риддерде былтыр қарашада жоғалып кеткен жігіт әлі табылмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Lider.kz еріктілері хабарлады. 

Илья Колобухов 1999 жылы 1 тамызда туған. Ол 2023 жылы 21 қарашада жоғалып кеткен. 

Ерекше белгілері 170-180 сантиметр, көзі қоңыр, шашы аққұба. 

Жоғалып кеткен күні ақ кепка, көк күртеше, сұр шалбар, көкшіл кроссовкамен шыққан.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз