• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Риддерде балалы әйел есірткі таратқан

Риддерде балалы әйел есірткі таратқан
Фото: ІІМ

Риддерде басқа өңірден келген әйел синтетикалық есірткі таратумен айналысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Риддер қаласының полиция қызметкерлері басқа облыстың 35 жастағы тұрғынын ұстаған.

Ол былтыр желтоқсанда кәмелетке толмаған баласымен бірге қалаға келіп, "балалы әйел" мәртебесін пайдаланып, синтетикалық есірткі таратумен айналысқан.

Тергеу барысында күдікті есірткіні алдын ала ойластырылған схема бойынша сатқаны белгілі болды.

"Жетекшілер есірткіні жасырын орындарға қалдырып отырған, кейін күдікті оларды алып, әрі қарай таратқан. Ал жасырын орындар ретінде әдетте қоғамдық жерлер немесе қаланың адамдар аз жүретін иесіз қалған аудандары таңдалған", - деп жазылған хабарламада.

Жеке тінту жүргізу барысында полицейлер ұнтақ тәрізді зат салынып, изолентамен оралған 80 ораманы тауып, тәркілеген.

Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген зат аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екені анықталды.

Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның кәмелетке толмаған баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget