Риддерде ауыл тұрғыны әкімді сотқа берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Риддер қаласының әкіміне Риддер қаласының Поперечное ауылынан мал жаюға 50 га және шөп шабуға 15 га жер телімдерін беру туралы арызбен жүгінген. Әкім жер комиссиясының шешіміне сілтеме жасай отырып, арыздан бас тартқан. Талап қоюшы бас тартуға және шешімдерге сотқа шағым түсірген.
Бірінші сатыдағы сот комиссияға мынаны атап көрсетті:
Яғни, бұл жағдайда жер комиссиясы талап қоюшының арызын қандай негізде қабылдамағанын анықтау мүмкін емес. Дауыс беру тәртібінің бұзылуына, жер комиссиясы мүшелерінің қорытындылары мен хаттама мазмұнының сәйкес келмеуіне, бас тартуға негіздердің болмауына және хаттамада түпкілікті шешімнің болмауына назар аударылған.
Жергілікті соттар тұрғынның талаптарын қанағаттандырды: жер комиссиясының хаттамалық шешімінің күшін жойды, қала әкіміне талап қоюшының арыздарын қайта қарап, қолайлы әкімшілік акт қабылдауды міндеттеді.
Жоғарғы сот ӘІЖСА істі зерттей келе, дауланған сот актілері жалпы заңды және негізді түрде шығарылған деп есептеді. Қала әкімінің және аудандық салалық бөлімнің өкілдері жер комиссиясының хаттамалық шешімін заңсыз деп таныды.
Кассация қала әкіміне талап қоюшыға даулы учаскелерді беру туралы қолайлы әкімшілік актіні қабылдау міндетін жүктеу бөлігінде құқықтық жағдайды түзету қажеттілігін көрсетті.
Талап қоюшы дау білдірген хаттама заңсыз деп танылып, күші жойылғандықтан, талап қоюшының екі арызын қараудың әкімшілік рәсімі жер комиссиясының отырысында қаралған кезінен бастап қайта жаңғыртылуы тиіс.
Жер комиссиясының оң қорытындысы болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органға міндеттер жүктеу қате болып табылады. Себебі, арыздарды шешудің заңнамалық рәсімдері бар.
Жоғарғы Сот әкімнің қолайлы әкімшілік актіні қабылдау міндетіне қатысты сот шешімін қоспағанда, жергілікті соттардың шешімдерін күшінде қалдырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!