Риддер әкімі Дәулет Батырбаев қаладағы ауызсу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город Риддер" басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін қар көшкіні салдарынан қала тұрғындары бір тәулік бойы сусыз қалғаны хабарланған болатын.
"Бүгін, 12 қаңтардағы таңғы жағдай бойынша, бұрғылау арнасына тұнбаны жіберу жұмысы қалыпты жұмыс істеп тұр. Енді су нөлдік камераға келіп, тоқтап, шугосбросқа еніп үлгерді. Еске салайын, кеше ғана күрт жылымық болып, нәтижесінде қар көшкіні болды. Арна жабылды, кейін Громатуха өзені оны табиғи түрде шайып тастады. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша канал қалпына келтірілді", - деді Риддер қаласының әкімі.
Оның айтуынша, қазір нөлдік камераны қар көшкіні нәтижесінде пайда болған лай мен қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
"Менің ойымша, бір-бір жарым сағаттың ішінде біз қалаға суық су беруді толығымен қалпына келтіреміз.
Тек ресми ақпаратқа сену керегін айтқым келеді. Кешеден бері Риддерде суық су тоқтаған жоқ. Бірінші қабаттарда, кей жерлерде екінші қабаттарда су болды, қысым мүмкіндік берді. Қаламыз таулы, сондықтан аудандар мен шағынаудандардағы жағдай басқаша", - деді Дәулет Батырбаев.
Еске салайық, бұған дейін Риддер тұрғындары кешеден бері ауызсусыз қалғаны хабарланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз