Үкімет отырысында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов жылу маусымына байлайланысты баяндама жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жандос Демесінұлы "Риддер ЖЭО" АҚ-да мердігер ұйымдар барлық 6 қазандық бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"6 қазандықты күрделі жөндеуге Үкімет резервінен 7,2 миллиард теңге бөлінді. № 2 және 3 қазандықтар қыркүйектің аяғында іске қосылады. Сондай-ақ Павлодар облысына қарасты Екібастұз ЖЭО-ның сенімді жұмысын қамтамасыз ету шеңберінде алдағы жылыту маусымында 10 қазандықты жөндеу көзделген.
Қазіргі уақытта 7 қазандықта жұмыс жүргізіліп жатыр (№6,8,11,12,13,14,15). Коммуналдық меншікке қабылданған 5 су жылыту қазандығын жөндеуге Үкімет резервінен 7,4 миллиард теңге бөлінді", - дейді министр.
Нұрмағанбетовтің сөзінше, қалған 5 бу қазандығы, сондай-ақ қосалқы жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар "Орталық Азия Электр Энергетикалық Корпорациясы" акционерлік қоғамының есебінен жөнделеді.
"Жылыту кезеңі басталғанға дейін 5 қазандық дайын болады. Қалғандары кесте бойынша қазан айына дейін аяқталады", - деді вице-министр.
Серік Құдайбергенұлы
Тағы да оқи отырыңыз: Қазір қай шет тілін үйрену керек?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!