- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Риддер ЖЭО-ның жаңа...
Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі кім?
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Риддер ЖЭО-ның жаңа иесі пайда болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Инвесторға келетін болсақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бұл - жекеменшік. Енді ЖЭО-ның жаңа иесі бар, онымен бірге жұмыс істейміз. Бұл меншік иесі тиімді жұмыс істейді деп үміттенемін. Менің келісімім бойынша, жақын арада ол компанияға күрделі жұмыстарды жүргізуге кемінде 7 миллиард теңге инвестициялау мүмкіндігін беретін банк анықтаманы ұсынуы тиіс", - деді Ахметов.
Әкімнің айтуынша, ол - қазақстандық инвестор.
"Шарттары маған әлі белгісіз, өйткені бұл - құпия ақпарат. Мұны екі жекеменшік иесі жасайды", - деді ол.
Сонымен қатар, Даниал Ахметов Риддер ЖЭО-дағы кейінгі апаттың себептері туралы айтты.
"Риддерге келетін болсақ, төтенше жағдай болды. Өкінішке қарай, мен мұны айтып отырмын. Соған қарамастан, өткен аптаның бейсенбісінде жеткізу жолы өртеніп кетті. Біз онда тәулік бойы жұмыс істедік. Бүгін күннің аяғына дейін бірінші кезең аяқталады. 180 метр көмір беру конвейері қалпына келтіріледі. Ертеңгі күннің аяғына қарай бірінші жол жұмыс істей бастайды", - деді әкім Үкімет отырысында.
Даниал Ахметовтің айтуынша, станция көмірге есептелгендіктен, мазутты қосып, оны толық қуатына дейін отын ретінде беру қажетті шараға айналды.
"Станция немесе қазандықтар тек көмірге арналған болғандықтан, бұл бізге үлкен қиындықтар туғызады. Иә, шынында да, біз ерекше шаралар қабылдадық - жетпіс тонналық кранмен көмір бере бастадық, сындырдық, шатырға тесік жасадық, 100-ден аса адамды орналастырдық және күн сайын 240 тонна көмір тараттық, өйткені басқа амал жоқ. Бұл жұмысты біз жүзеге асырдық және жүзеге асыратын боламыз. Егер біз мұны жасамасақ, онда біз өте қиын жағдайға тап болар едік", - деп қорытындылады Ахметов.
Еске салайық, желтоқсанда Риддердегі жылу электр орталығында бірқатар апат болып, жылу орталығының жұмысы бірнеше рет тоқтатылған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек