Риддер ЖЭО жұмысшылары екі ай жалақы алмай келген

Риддер ЖЭО жұмысшылары екі ай жалақы алмай келген
Фото: tets.kz

Риддер ЖЭО жұмысшылары екі ай жалақы алмай келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Риддер қалалық ішкі саясат бөлімі ұсынған мәліметке сүйенсек, қазір мәселе толық шешімін тапқан. Былтырдан бері апат жағдайынан көз ашпаған жылу электр орталығының жұмысшылары мамыр мен маусымда еңбекақыларын ала алмаған. Риддер жылу электр орталығының бас директоры Игорь Михаиленконың сөзінше, жаңа инвестор келіп, жалақы төленген.

"Жұмысшылардың кейбірі еңбек демалысында болып немесе басқа да жағдайлармен келе алмаса, дүйсенбі, сейсенбі күндері болсын касса арқылы ақшаларын алады", - деді ол.

Ал орталықтың жұмысшылар алдындағы қарызы бойынша қалалық ішкі саясат бөліміндегілер ресми ақпарат ұсынды.

"Шілденің 5-і күні Риддер ЖЭО қызметкерлеріне 132 миллион теңге мөлшерінде еңбекақы төленді. Кәсіпорынның барлық қызметкеріне екі ай бойы төленбеген ақшасы толық көлемде берілді", - делінген мәліметте.

Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz