- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Риддер ЖЭО-дағы жөндеу...
Риддер ЖЭО-дағы жөндеу қашан аяқталады?
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңір әкімі Ермек Көшербаевпен бірге Өскемен және Риддер ЖЭО-ларында болып, жаңа жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. Өңірдегі жылу нысандарында жөндеу жұмыстары аяқталып, ЖЭО іске қосу-баптау кезеңіне дайындық үстінде, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір Риддер ЖЭО-ны күрделі жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Стансаны жөндеуге Үкімет резервінен 7,3 млрд теңге бөлінді. Биыл моноқаланың жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізуге 1,1 млрд теңге бағытталды. Сондай-ақ өндіріске тартылған инфрақұрылымды жөндеуге жергілікті бюджеттен 500 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.
Премьер-министрдің бірінші орынбасарына Риддер ЖЭО-да іске қосу-реттеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. № 1, 2, 3 қазандық агрегаттарын жөндеу аяқталуға жақын, экрандардың беттері жиналып, орнатылды, бір күн бұрын қазандықтар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сумен толтырылды.
Сонымен қатар делегация жұмыс сапары барысында Өскемен ЖЭО-ға да барып қайтты. Мұнда жөндеу жұмыстары алдыңғы жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден басталған еді. Биыл осы мақсатқа жұмсалған қаржы 8,6 миллиард теңгеден асады, "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы бойынша 1 миллиард теңгеге жуық қаржы түсті.
Бүгінгі таңда стансаның дайындығы 80 пайыздан асады, 5 қазандық агрегаты мен 8 турбоагрегат жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарының бағдарламасы қазан айына дейін аяқталады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан