Алматы прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасын әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қала тұрғыны сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтеріне тұрмайтын 109 адамды тіркеген.
"Резіңке" пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді", - деп жазылған хабарламада.
Алматы прокуратурасы азаматтарды көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова