Рейтинг: Қазақстанның шетелдік паспорты қаншалық мықты?

Рейтинг: Қазақстанның шетелдік паспорты қаншалық мықты?
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Дүниежүзілік төлқұжат индексі бойынша рейтинг жарияланды. Өзінің төлқұжаты арқылы көп елге еркін бара алатын ел - Біріккен Араб Әмірліктері, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

БАӘ паспорты қозғалыс еркіндігі бойынша 179 ұпай жинап, қазіргі таңда бірінші орында келеді.

Рейтингке БҰҰ-ға мүше 193 мемлекет, сондай-ақ Ватикан және жеке төлқұжаттары бар аумақтар Тайвань, Макао, Гонконг, Косово және Палестина бар. Бүкілі - 199 төлқұжат енгізілген.

Екінші орында қозғалыс еркіндігі индексінде 177 ұпайы бар бес ел – Франция, Германия, Италия, Нидерланды және Испания орналасқан. Кейінгі орында 176 ұпаймен тағы бес ел үшінші орында жайғайсқан. Олар Швеция, Финляндия, Люксембург, Австрия және Швейцария.

Төлқұжат күші ең төмен елдер - Сирия (93-орын), Ауғанстан (92-орын) және Ирак (91-орын).

Рейтингте Қазақстанның позициясы бір жылда жақсарып үлгерді. Қазақстан төлқұжатының күші былтыр 56 орында болса, 2024 жылы 54-ші орынға дейін көтерілді. Бұл ретте қозғалыс еркіндігі көрсеткіші 91-ден 90-ға дейін төмендеді. Қазақстаннан бөлек Косово (жартылай мойындалған мемлекет) мен Науру аралдық мемлекеті 90 ұпаймен 54-орынға тұрақтады.

 Жасұлан Ордабаев

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz