Рейстер кешігуі мүмкін: Алматыда қалың қар жауды

Алматыда 8 қаңтарға қараған түні қалың қар жауа бастап, әлі де басылмады. Әкімдіктің мәліметінше, мегаполисте 14 сантиметр қар түскен. Болжам бойынша 11:00-ге дейін қар жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Каменск үстіртінде қар көп жауды: 22 сантиметр жауын-шашын жауған. Шымбұлақта сәл аз, 20 сантиметр қар жауған.

Тengrinews.kz

Кейінгі тәулікте жауын-шашынның жалпы мөлшері айлық норманың 26 пайызы болды.

Алматыда қар тазалауға 475 арнайы техника мен 1115 жұмысшы шықты.

Синоптиктердің болжамы бойынша 8 қаңтарда Алматыда ауа температурасы күндіз 0-2 градус болса, одан кейін -5-7 градусқа дейін, түнде -11-13 градусқа дейін төмендейді.

Суреттер: Алматы қаласы әкімдігі

13 қаңтарға дейін жауын-шашын болжанбайды.

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер де кешігуі мүмкін.

"Алматы халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстерінің кейінгі уақытқа ауыстырылғанын хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.

Жолаушыларға әлеуметтік желілердегі және ақпараттық тақталардағы мәліметтерді мұқият қарауға кеңес берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!