- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Рейс капитаны ұшақ...
Рейс капитаны ұшақ әуеде болғанда есінен танып, қайтыс болды
Түрік әуе жолдарының капитаны рейс кезінде есінен танып, шұғыл қонуға мәжбүр болған. Алайда ұшқыш ұшақ жерге қонбай жатып қайтыс болған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түрік әуе жолдарының Сиэтл мен Ыстамбұл арасындағы рейсінің капитан ұшқышы ұшу кезінде қаза тапқанын түрік әуе жолдарының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Түрік әуе жолдары (THY) жасаған мәлімдемеде Сиэтл-Ыстамбұл TK204 рейсін орындаған ұшақтың капитаны Драйхин Пехливанның ұшу кезінде есінен танып қалғаны айтылған. Кабина экипажы шұғыл қонуға шешім қабылдаған. Алайда ұшқыш жерге қонбай жатып, қайтыс болып кетті.
Оның ұшуға дейін денсаулығында ешқандай кінәрат анықталмапты. 59 жастағы Драйхин Пехливанға 2024 жылдың 8 наурызында берілген медициналық анықтамада да ұшуға қауіпті себеп анықталмаған. Азаматтық авиация бас басқармасы рұқсат берген авиациялық медициналық орталықта мерзімді медициналық тексеруден өткені және оған ұшуға кедергі болатын денсаулық мәселесінің анықталмағаны туралы анықтама да бар.
Капитанның денсаулық жағдайына байланысты ұшақ шұғыл Нью-Йоркке қонып, жолаушылардың Нью-Йорк станциясы арқылы үйлеріне қайтуы жоспарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева