Ұшақта инсульт алған жапондық ер адамның жағдайы туралы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
"Инсульттан кейін Астананың №2 қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдаған Жапониядан келген науқас бүгін шығарылды. Оның жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, тамызда Токио-Цюрих бағытындағы ұшақ жолаушысы инсульт алғаннан кейін Астанаға шұғыл қонды. Науқас ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!