"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 25 мамырда 14 өңірде найзағай ойнап, жел соғатынын және шаңды дауыл болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні - 18 м/с. Облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні - 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!