Республикалық маңызы бар тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы ашылды

СҚО-да Р-58 "Булаево–Возвышенка–Молодогвардейское–Кирово–Қиялы –Рощинское" автожолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, –деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы арқылы өтетін Р-58 "Булаево–Возвышенка–Молодогвардейское–Кирово–Қиялы–Рощинское" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 24-62 шақырымы аралығындағы (ұзындығы – 38,4) учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Жөндеу жұмыстары аясында мамандар жүріс бөлігінің пайдалану сипаттамаларын (ені 7,0 м) қалпына келтірді.

Суық қайта өңдеу әдісімен негізді орнату бойынша жұмыстар орындалып, жаңа асфальтбетон жабыны төселіп, сондай-ақ жолдың жиектері жабдықталып, белгілері қойылды. Қосымша үш автопавильон мен 140 жол белгі ауыстырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!