- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Республикалық маңызы бар...
Республикалық маңызы бар тасжолдардың әлі 29 бөлігі жабық
Республикалық маңызы бар тасжолдардың әлі 29 бөлігі жабық, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 29 учаскесі әлі де жабық. Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай және Павлодар облыстарындағы тасжолдарда қозғалысқа енгізілген шектеу сақталды", - делінген ведомство жазбасында.
Тасжолдарды қардан тазалауға 400-ден аса арнайы пайдалану техникасы жұмылдырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова