Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • 6 қарашада сағат 19:00-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Самара-Шымкент" автожолының 965-1153 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
  • 19:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 259-389 шақырым аралығында (Шалқар қаласынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
  • 20:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Көкшетау-Атбасар" автожолының 47-184 шақырым аралығында (Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. Жолды 2024 жылғы 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
  • 21:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Астана-Петропавл" автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда. Жолды 2024 жылғы 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан