- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Республикалық маңызы бар...
Республикалық маңызы бар 9 учаскеде жол қозғалысы шектелді
Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде жол қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
7 наурызда сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес, 3 облыста ауа райы күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілген. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылған.
Республикалық тасжолдарды күтіп-ұстау үшін 400 техника мен 500 қызметкер жұмылдырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова